Елордада жаппай тұмауға қарсы екпе салынуда. Осы мақсатта қала билігі вакцинаның 110 мың дозасын сатып алған. Шаһарда 1 млн-нан артық адам тұратынын ескерсек екпе бәріне бірдей жетпейтіні анық. Ал оны бірінші кезекте кімдер салдыруы тиіс және вакцинация қай жерлерде жүргізіледі? Бұл сауалдарға әріптесім Гүлжайна Өмірбек жауап іздеп көрді.