Елордада жарықтың сөніп қалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрі Елордада жарықтың сөнуіне кінәлі азаматтарды тауып, жауапқа тартпақшы. Бұл жайында ведомстводағы тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Өздеріңіз білетіндей сенбіден жексенбіге қараған түні Астананың сол жағалауында әкімшілік ғимараттар мен 9 тұрғын үй кешені жарықсыз қалған еді. Оның ішінде Мемлекет басшысы отыратын Ақорда да бар. Сондықтан бұл мәселе Президент назарынан тыс қалуы мүмкін емес еді. Қазір іс қалай жүргізілуде. Барлық жерде жарық берілді ме? Арай Сүгірбайдың материалынан білейік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу