ЕЛОРДАЛЫҚ МЕДҚЫЗМЕТКЕРЛЕР 150 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

Коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқан медицина саласының мамандарына 150 млн теңге сыйақы берілді. Ақшаны 1469 медқызметкер алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, сыйақы дертті жұқтырғандармен тікелей байланыста болатын, өміріне қауіп төндіретін жандарға 220 мыңнан бастап 850 мың теңгеге дейін тағайындалады. Сәуле Қисықованың айтуынша, жұқпалы ауру бөлімінің 700-ге жуық қызметкері қаладағы қонақ үйлерде тұрып жатыр. Олар тамақпен, жұмысқа жету үшін көлікпен қамтамасыз етілген. Дәрігерлерге моральды түрде қолдау көрсететін психологтар да қарастырылған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу