ЕЛОРДАНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МЕКТЕП ПАРТАЛАРЫН ҮШ ЕСЕ ҚЫМБАТ БАҒАҒА САТЫП АЛМАҚ БОЛҒАН

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы мектеп парталарын үш есе қымбат бағаға сатып алмақ болған. Нарықтағы құны 16 мың теңгеден басталатын парталар мемлекеттік сатып алу жоспарында 53 мың теңгеден көрсетіліпті. Қазына қаражатын негізсіз жаратуды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтады. Мониторинг барысында дәл осы мемлекеттік мекеме партадан бөлек, орындық, А4 форматындағы қағаз бен басқа да кеңсе тауарларын бірнеше есе қымбат бағамен сатып алмақ болғаны әшкере болды. Департамент мамандарының ұсынысынан кейін білім басқармасы мемлекеттік сатып алу жоспарына 60 млн теңгеге түзету енгізді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу