ЕЛОРДАНЫҢ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНДА ҰН МЕН ҚАНТ ҚАНА ҚАЛДЫ

Бас қаланың сақтандыру қорында тек ұн мен қант қалды. Қалған әлеуметтік маңызы бар тауардың барлығы сатылып кеткен. Арнамызға эксклюзивті сұқбат берген «Астана» корпорациясы әлеуметтік-кәсіпкерлік департаментінің басшысы Ризагүл Муслимова, жыл басынан бері қоймаларда 7мың тонна азық-түліктің болғанын айтады. Ал қазір болса 4 мың тонна ұн мен 1200 тонна қант бар. Маман қалған өнім жыл соңына дейін жетеді деп сендірді. Бұдан бөлек, корпорация кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеуде. Несиелеу жергілікті бюджеттен 0,01 %-бен беріліп жатыр. Қаладағы екі ірі кәсіпорын қарыз алып үлгеріпті. Ол Мир круп 245 млн теңге көлемінде және Айқын сапа 208 млн теңге.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу