Есеп комитеті: «ҚазАгро» холдингінің жұмысын жіті бақылап отырмыз

Квазимемлекеттік секторға жасалған ревизияның қорытындысы желтоқсан айында Президентке баяндалады. Сол кезде мемлекетті қыруар шығынға батырып жатқан ұлттық компаниялардың қара тізімі жариялануы тиіс. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова арнамызға эксклюзивті сұхбат беріп, осылай деді. Аудит те аяқталуға таяп қалыпты. Әрине, мұнда ісі май шаммен қаралып жатқандардың бірі - «ҚазАгро» холдингі. Бұған дейін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылаушы орган оның басқаруын банк секторына беру керек дегенді айтқан. Бірақ әзірге Үкімет компанияны іштей құрылымдауды ғана ұйғарды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу