ЕСІРТКІ ШЕГІП ЕСІРГЕН СОТТАЛУШЫЛАР ЖЕЛІНІ ШУЛАТТЫ

Алматы облысында түзету мекемелерінің бірінде сотталушылар жаппай есірткі пайдаланып жатыр делінген бейнежазба әлеуметтік желіні шулатты. Видеода автор жазасын өтеп жатқандар туған күн тойлап, бірнеше жерде есірткі қолданып, мәре-сәре болып жатқанын жеткізеді. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық атқару жүйесі комитеті, ұлттық қауіпсіздік комитеті, прокуратура мен полиция қызметкерлерінен тұратын арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары басталды.  Сотталғандарды тінту барысында жасыл түсті есірткіге ұқсас зат табылған.  Түзету мекемесінің бірқатар қызметкеріне шара қолданылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу