ФЕРМЕР БЮДЖЕТТІҢ 233 МЛН ТЕҢГЕСІН ЖЫМҚЫРҒАН

Павлодарда шаруа қожалық иесі жалған құжат жасау арқылы мемлекеттен 233 млн теңге субсидия алғаны анықталды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы ақша алған фермер, Ресейден мың жарымдай бас Герефорд тұқымды сиырлар әкелуге міндеттелген. Құжат жүзінде 2018-2019 жылдары Ресей Федерациясынан 1447 бас асыл тұқымды сиырлардың жеткізілгені көрсетілген. Алайда, құзырлы органдарының тексеруі барысында көрші елден бірде бір ірі қараның сатып алынбағаны анықталды. Ресейдің құзырлы органдары да екі арада ешқандай сауда саттықтың болмағанын айғақтаған. Осылайша жалған құжат жасап мемлекет қазынасына қол салған кәсіпкердің, әрекеті әшкере болды. Осы күні ол 96 млн теңгені мемлекетке қайтарды. Қазір, сотқа дейін тергеу жүріп жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу