Енді әрбір шарада әншілердің фонограммамен айтып тұрғаны көрерменге ескертілетін болады. Ал талапты орындамағандар жауапқа тартылуы мүмкін, себебі бұл заңмен бекітілмек. Тиісті құжат «Ашық нормативтік-құқтықтық актілер» порталында жарияланды. Заңның авторы Мәдениет және спорт министрлігінен жеткен ақпаратқа сенсек, мұндай тәртіп өнер адамдарының сапасын арттыру үшін жасалған қадам екені белгілі. Еске салсам, екі жұл бұрын Сенат депутаты Сәрсенбай Еңсегенов осы мәселені көтерген, ол жанды дауыста ән шырқалмайтын іс-шараны өткізуге тыйым салуды ұсынған.