«ГАРАНТ 24», «ESTATE ЛОМБАРД» ЖӘНЕ «ВЫГОДНЫЙ ЗАЙМ» ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРЫНАН 17 МЫҢ АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ

«Гарант 24», «Estate Ломбард» және «Выгодный займ» қаржылық пирамидаларынан 17 мың адам зардап шекті. Бұл құзырлы органға арыз түсіргендері ғана. Жалпы залал сомасы 22 млрд теңге. Тергеу департаменті берген ақпарат бойынша аталған компанияларға қатысты 32 қылмыстық іс қозғалған. 51 адам күдікті ретінде танылды. 7-еуі әлі іздеуде жүр. Қолға түскендерінен 70 млн теңге қолма-қол ақша мен 2 млрд теңгенің мүлкі тәркіленді. Ішкі істер министрлігі қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылармен қатар оларға көмек көрсеткендер де қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын айтты.
Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу