ХАКЕРЛЕР БІЛІМ САЙТТАРЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Оқушылардың онлайн білім алуына тағы кедергі келтірілді. Бұл жолы білім сайттарына хакерлер шабуыл жасаған. Оны Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын мемлекеттік техникалық қызметінің мамандары мониторинг кезінде анықтады. Мәліметке сәйкес, күнделік және білім лэнд порталдарында ақау пайда болған. Алғашында біріншісінің жұмысы бұзылса, арадан 8 минут өткенде екінші білім порталына да кедергілер байқалған. Кімнің жасағаны белгісіз. Тек шетелдік сегмент екені анықталды. Мамандардың айтуынша, көбіне мұндай шабуылдар порталдың қаншалықты қорғалғанын анықтау мақсатында немесе  қасақана тапсырыспен жүзеге асырылуы мүмкін. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу