Халық банкі "АСТАНА LRT" компаниясының облигацияларын сатып алды

Ал Халық банкі "Астана LRT" компаниясының 400 млн доллар болатын облигацияларын сатып алды. Келісімнің мерзімі 5 жыл, ал пайыздық мөлшерлемесі 3,25. Бұл туралы банктің Басқарма басшысы Үміт Шаяхметова "КазТАГ" агенттігіне берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше Халық банкі "Астана LRT" құрылысына жұмсаған қаражаттың қайтарымды болатынына сенімді. Бұл Үкімет үшін де, LRT компаниясы үшін де және Халық банкі үшін де тиімді келісім болмақ. Себебі пайыздық мөлшерлеме көлемі екі есеге төмендеді деді Шаяхметова. Сондай-ақ қаржыландыру келісіміне Қаржы министрлігі кепілдік берген. Айта кетерлік тағы бір жайт Халық банктің LRT құрылысына және онда қабылданатын шешімдерге еш қатысы болмайды. Банк тек қаржыландыру мәселесіне ғана араласады. Ал жеңіл релсті транспорт құырылымына қатысты барлық жауапқкешілік пен шешімдерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі қабылдайды деді басқарма басшысы.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу