Еліміздегі 100-ден астам ауыл жойылудың алдында тұр. Себебі ол жерлерде халық саны 500 адамнан аз. Ал халық саны 50-ден аспайтын 500-ге тарта елді-мекен бар. Олардың да ертеңі бұлыңғыр. Өйткені ауылда көбіне қариялар ғана қалған. Жастардың дені жақсы өмір іздеп, қалаларды жағалап жүр. Ақпарат үшін айта ктейін, 2019 жылдың алғашқы алты айында ел ішінде жарты миллион адам көшіп әр жерге қоныстанған.
Расымен, біздің елде Сыртқы миграция заң жүзінде барынша бақыланады. Ал ішкі миграция ақсап тұр. Неге ? Бұл сұрақты студиямызға келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырманнан сұрап білеміз.