Халықаралық ұйым: адам саудасынан түскен заңсыз табыс $150,2 млрд

Адам саудасынан түсетін жылдық заңсыз табыс 150 млрд доллардан асады. Ал, әлем бойынша шамамен 40 млн адам құлдықтың тұзағына іліккен. Бұл сандарды бүгін Елордада халықаралық ұйымдар жариялады. Ал, Қазақстан адам саудасы бойынша қара тізімде 165 мемлекеттің арасында 83-орында. Яғни адам саудасы біздің елде де өршіп тұр деген сөз. Өзекті мәселені көтерген халықаралық жиында Орталық Азия мемлекеттерімен қатар Ауғанстан және Иранның өкілдері бас қосты. Тақырыпты тікелей байланысқа шығып тұрған әріптесім Қарлығаш Темірбайқызы жалғастырады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу