«ХОУМ КРЕДИТ» БАНКІ ЖЕМҚОРЛЫҚ АГЕНТТІГІНІҢ АЙЫПТАУЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

«Хоум Кредит» банкі жемқорлық агенттігінің «Қазагро» қаржысы депозитте заңсыз жатыр» деген айыптауын жоққа шығарды. Өздерінің таратқан мәліметтеріне сүйенсек, компанияның еншілес «Аграрлық Кредит Корпорациясының» салған ақшасы ешқандай да заңға қайшы емес. Қазіргі таңда банкте жеке және заңды салымшының жалпы 168,5 млрд теңге қаржысы жатыр. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше ғана кәсіпкерлер форумында Алик Шпекбаев «Қазагро» несиелендіруге бөлінген 11 млрд теңгені шаруаларға бермей, депозитте сақтап қойып отыр деді. Ал бүгін Парламентте компанияның тікелей қаржыландыру қызметін қайта қарастыру қажеттігі айтылды. Тіпті, несие мен субсидия бөлудің механизмін өзгерту ұсынылды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу