ИИДМ: Қазақстан әскері бәсекеге қабілетсіз

Қазақстан әскері болашақта бәсекеге қабілетті бола алмайды! Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осылай деп мәлімдеді. Өйткені бұл салаға жұмсалатын қаржы өте аз. Әлемдік экономикада тұрақсыздық байқалып жатқанда, өзге елдер әскерін күшейту үшін қаржыларын аямай отыр. Әсіресе мұнай эскпорттаушы елдер бұл мәселенні бей жай қалдырмаған. Алайда біздің мемлекет әскерді күшейтуге асығар емес. Тіпті Әзірбайжан, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Украина елдері Қазақстанды басып озған. Қазақстан әскері бөлімшелерінде қызметтердің тұрақсыздығы, еңбек ету деңгейінің төмендеуі, жалпы техникалық және технологиялық ғимарттардың әбден тозығы жеткенін анық көруге болады дейді тиісті ведомствоның сөзінше. Қазіргі таңда бұларды қалыпқа келтіріп, қажетті жұмысты жасауға болады. Алайда әскери сегментке қызмет көрсететін компаниялармен ешқандай келсімдер жасалмаған. Сондықтан басым бөлігі тұралауда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу