ІІМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ЖАРНАМАСЫ БАР ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ТЕКСЕРУДІ БАСТАДЫ

Еліміздің ішкі істер министрлігі «котел» нжәне «черная касса» ойындарының жарнамасы бар хабарламаларды жіберу фактілерін тексеруде. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта министрліктің криминалды полиция департаменті осы жайттарға байланысты тексеруді бастаған. Себебі аталған ойында қаржылық пирамиданың белгілері бар. Айта кетейін, елімізде қаржы пирамидасын құру және оған жетекшілік ету қылмыс болып есептеледі. Ал соңғы күндері қазақстандықтар арасында осындай ойын белең алып, тұрғындар жаппай жарнамасы бар смс хабарламаларды жіберу көбейген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу