ІІМ: МЕРЗІМІ ӨТКЕН ҚҰЖАТТАР 10 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ЖАРАМДЫ

Мерзімі өткен құжаттар 10 шілдеге дейін жарамды. Ішкі істер министрлігі ол үшін айыппұл салынбайтынын мәлімдеді. Мұндай жеңілдік елдегі төтенше жағдайға байланысты беріліп отыр. Себебі карантин салдарынан халыққа қызмет көрсету орталықтары түгелдей жабылған. Сәйкесінше, тұрғындардың онда баруға мүмкіндік болмады. Ал қолданыстағы заңға сәйкес, шектеу алынғаннан кейін азаматтар 60 күн ішінде мерзімі өткен құжаттарды қайта алмастыра алады. Бұл қатарға жеке куәлік, жүргізуші куәлігі мен техпаспорт енгізілген. Сондай-ақ, қаруды қолдану және сақтауға арналған рұқсатнама да бар. Қазақстанда уақытша және тұрақты тұруға арналған құжаттар мен визалар да әзірге жарамды. Шеттен тартылған еңбек мигранттары да бұрыңғы құжатымен ел ішінде еркін жүріп-тұра алады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу