INFOKAZAKHSTAN.KZ САЙТЫНЫҢ РҰҚСАТЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТІН БАСТАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЗАҢСЫЗ САНАЛАДЫ

Инфо Қазақстан сайты арқылы рұқсат алмастан қызметіне кірісіп кеткен кәсіпкерлердің жұмысы заңсыз деп саналады. Өтініш беруші арнайы платформада бас санитар бекіткен алгоритмдермен танысып, карантиндік талаптарды сақтауға келісуге міндетті. Айта кету керек, соңғы екі күнде сайт арқылы 16 мың кәсіпкер өтініш берген. Олардың 10 мыңға жуығы жұмысын жандандыруға рұқсат алды. Ең алғашқы өтінім Қарағандыдан түскен. Ал, жалпы айтатын болсақ Алматы облысы мен Алматы қаласының бизнес-қоғамдастығы анағұрлым белсенділік танытуда. Кәсіпкерлер палатасы қызмет түрлерінің 90 пайызы тексеріссіз жұмысқа кірісе алатынын хабарлайды. Ал, санэпидем мамандарының рұсатын қажет ететін кәсіпкерлік түрлерін тексеру үшін мобильді топтар жасақталды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу