ИНВЕСТОРЛАР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОБАДАН БАС ТАРТТЫ

Инвесторлардың елімізде жүзеге асырылуы тиіс жобалардан бас тартқан жағдай бұл ғана емес. Жалпы саны 14 индустриялық нысан тоқтап тұр. Себебі бастапқыда жобаларға қызығушылық танытқан инвесторлар, кейін қаржы құюдан бас тартқан. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің өзі айтқан еді. Аманияз Ержанов: «Инвесторлар мен осы кәсіпорын иелері 14 жобаны жүзеге асырудан бас тартты. Демек олар тоқтатылады. Әр жоба бойынша салалық мемлекеттік органдармен жұмыс істеп, оларды жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлейміз. Мүмкіндігінше, 14 жобаны жандандыруға тырысамыз» - деді.
Демек бұл жобалар мемлекеттік қолдаумен, қазынадан алынатын қаржыға салынуы мүмкін. Ал бастапқыда келісімін беріп, кейін бас тартқан инвесторлардың жобаны орта жолдан тастауына не себеп болды? Жалпы, елімізге келетін шетелдік инвесторларға қандай жағдайлар жасалған? Одан халыққа келетін пайда бар ма? Бұл сұрақтардың жауабын студия қонағынан сұрап білеміз. 

Қайырбек Арыстанбеков - Экономикалық саясат институтының директоры

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу