IPHONE қолданушылары бір-бірімен желісіз хабарласа алатын болады

Apple компаниясы iPhone және өзінің басқа да құрылғыларына ешқандай операторлардың көмегінсіз-ақ байланыса алатын жаңа технологияны іске қоспақ. Яғни сим карталар қолданыстан шығып қалуы да ықтимал. Бұл үшін Apple компаниясына арнайы жерсеріктерді ұшырудың қажеті жоқ. Оның орнына жер үсті станцияларын ғана әзірлеуге болады. Жаңа технологияны жасау үшін компания авиағарыштық саладағы инженерлерден жиналған топ құраған. Жоба әзірге бастапқы кезеңде, егер жүзеге асыру барсында шешілмейтін мәселелер туындаса тоқтатылуы да мүмкін.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу