ИРАКТАҒЫ АҚШ-ТЫҢ ӘСКЕРИ БАЗАСЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАЛЫП, 80 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Ирактағы америкалық әскери нысандарға Иран территориясынан он бес баллистикалық зымыран жіберілді. Салдарынан Эрбиль қаласындағы және Айн әл–Асадтағы әуе базасында болған 80 адам жан тапсырды. АҚШ басылымдары Генерал өлімінен соң кек қайтарамыз деген Тегеран билігі мәлімдемесінен соң, бұл әрекетті Ислам революциясы корпусы жасады деп хабар таратып жатыр. Әзірге шығын көлемі туралы ақпарат жарияланбады. Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммед Джавад Зариф Тегерандағы билік соғыс бастағалы отырған жоқ деп мәлімдеме жасады. Ал Ирактағы шабуыл қорғаныс үшін жасалғанын айтты. Ирак парламенті ел аумағынан шетел әскерін шығару туралы шешім қабылданғанына қарамастан, ол жақтан америкалықтардың кететін түрі жоқ. Олар әл-Бағдади ауданында әскери әуе техникасына арналған ең үлкен аэродром салғалы жатыр. Дегенмен бүгін Федералды авиация басқармасы АҚШ әуе компанияларына Иран және Иракқа ұшуға тыйым салды. Ақ үй маңындағы қауіпсіздік те күшейтіліп жатыр. Әкімшілікте Иракқа жасалған шабуылға қатысты шұғыл жиын өтуде. Бүгін түстен кейін Трамп осы мәселеге қатысты түсініктеме береді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу