ИРАНДА УКРАИНАЛЫҚ ҰШАҚ ҚҰЛАП, 170 ЖОЛАУШЫ ҚАЗА ТАПТЫ

Тағы да ұшақ апаты. Бұл жолы Иранда украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінде болған жолаушылардың бәрі қаза тапты. Иранның авиация министрлігі өкілдері бортта кемінде 170 адам болғанын мәлімдеп отыр. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары жіберілгенімен құтқарушылар зардап шеккендерге жақындай алмаған. Себебі, ұшақ бөлшектері қызыл жалынға оранған.  


Иранда құлаған украиналық ұшақта Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрлігі біздің елдің елшілігіне берген ақпаратында жарияланған. Жағдайды Тегерандағы консулдық бақылап отырғаны жеткізілді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу