Ірі зауыт 200-ден астам қызметкерді жұмыстан босатуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысындағы ірі зауыттың 200-ден астам қызметкері мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылмақ. Белоусовка елді мекеніндегі тау кен өндірісі бойынша фабрика қызметкерлері қазан айының соңына дейін ғана жұмыс істейді. Зауытты модернизациялау бағдарламасы аясында енді көп жұмысшының қажеті жоқ дейді компания өкілдері. Өнідірліген өнім Шемонаихадағы фабрикаға жаңа жүйе бойынша жеткізіліп отырмақ. Тау кен зауытында бар болғаны 20 жұмысшы ғана қалады. Айта кету керек, дәл осы мекеме бұл ауылдағы көптеген азаматтарды жұмыспен қамтып отырған. Енді екі қолға бір күрек іздейтіндер саны арта түседі. Қаізіргі таңда қызметкерлер жаңа жұмыс орынан қайдан табамыз деп бас қатыруда.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу