ИСЛАМ БАНКІ БЕРГЕН АҚША ҚАЙДА?

Малымыз қыстан шықпай қалады деп қауіптенген Ақсулықтар малдарын жаппай пышаққа жығып жатыр. Ауылдықтардың айтуынша, судың жоқтығынан көкөніс бау-бақшасы құрғап, жайылымда шөп те шықпай қалған. Бұған жұрт жергілікті билік пен гидрологтарды кінәлайды. Өйткені, ауданда 5 жыл бұрын басталған суару желілерін салу жұмыстары әлі бітпей тұр. Ақсу аудандық белсенді азаматтардың айтуынша, салынған құбырлардың сапасы да өте нашар, ал бетон науалар жерге тиісімен құм боп шашырап кетеді. Наразы тұрғындар облыс әкіміне, Экология минстрлігіне, тіпті Президентке дейін ұжымдық үндеу жолдапты. Олар арық қазу ісі бақылауға алуды сұрайды. Әкімдігі арнамыз жолдаған сауалға жазбаша жауап қайтарыпты. Онда көрсетілгендей, 2016 жылы 111 су арнасын қалпына келтіру жұмыстары басталып, оған Ислам банкінен 5,5 млрд теңге бөлін. Ақшаның нақты қайжа жұмсалғанын айтмады, бірақ құрылыс 2020 жылдың соңында аяқталуы тиіс деді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу