Қ.Бозымбаев: егер бензин акцизі өссе, шағын көліктер салықтан босатылуы қажет

Егер бензин акцизінің құны өссе, онда шағын көліктер салықтан босатылуы қажет. Бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметке осындай ұсыныс жасап жатқанын мәлімдеді. Яғни, бұл бастама қозғалтқышы 3 мың текше метрге дейінгі көліктерге қатысты. Энергетика миниистрі тұрақтылықты сақтау үшін әзірге бензин акцизін көтермеу керек екенін де айтады. Дегенмен, 2024 жылға қарай бәрібір баға көрші еолермен теңестірілмек. Дәйекке қарағанда, Қазақстандағы арзан бензинді пайдаланып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттен келген көліктер оны тонналап құйып әкетіп жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу