Қ. Тоқаев 100 күнде 40 жарлық пен 95 қаулы шығарды

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы екінші Президент – Қасым - Жомарт Тоқаевтың мемлекет басшысы лауазымында отырғанына 100 күн болды. Үш айдан айдан астам уақыт ішінде ол 5 заңға қол қойып, 40 жарлық пен 95 қаулы шығарыпты. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде де белсенді Президент твиттердегі парақшасына 400-ден артық пост жариялаған. Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенованың сөзіне сенсек Президент әр сектордың өкілдерімен 140 шақты кездесу өткізген. Мемлекет басшысы бекіткен құжаттың көбі әлеуемттік салаға қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев Президент болған 100 күннен кейін билікте ауыс-түйістер басталды. Күні кеше Мемлекеттік хатшы лауазымындағы Марат Тәжинді Қырымбек Көшербаев алмастырды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу