ҚАЙРАТ КЕЛІМБЕТОВ ПЕН СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қайрат Келімбетов жаңа қызметке тағайындалды. Бірақ бүгіннен бастап Президент жарлығымен таяуда құрылыған -  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды. Бұған дейін ол «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы болған. Жалпы бұл қызмет 51 жастағы Қайрат Нематұлына таңсық емес. Себебі 90-шы жылдары еңбек жолын дәл осындай атаумен жұмыс істеген агенттік төрағасының орынбасары міндетімен бастаған. Одан кейін қаржы секторына кетті. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы, Ұлттық банк төрағасы да болып жұмыс істеді. Ал 2015 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығына келді. 

Серік Жұманғарин де жаңа қызметке тағайындалды. Ол енді жаңадан құрылған  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін басқаратын болады. Жалпы бұл сала Жұманғаринге таңсық емес. Ол бұған дейін де Ұлттық экономика министрінің дәл осы салаға жауапты орынбасары қызметін атқарған. 51 жастағы шенеунік 2019 жылдың мамырынан бастап, осы күнге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып еңбек етті. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу