ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ТОЙ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛЕДІ?

Ел ішінде коронавирус тіркелмеген жағдайда ғана той-домалақ өткізуге рұқсат. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Оның айтуынша карантиндік шектеулер 3 деңгеймен алынады. Алғашында бір аптада індетті жұқтырғандар көлемі 7 пайыздан аспауы тиіс. Онда, ішкі рейстер қайта жанданып, қатаңдатылған режимде балабақшалар ашылады. Кейінгі кезеңде апталық деңгей 5 пайызды құрауы тиіс. Мұнда қызмет көрсету секторы толықтай іске қосылады. Ал, вирустың өршуі 2 пайыз болғанда ғана мейрамханалар мен ірі сауда нысандары жұмысын бастамақ. Оның өзінде ел ішінде бірде-бір covid-19 фактісі тіркелмеуі тиіс. Тек сонда ғана отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік беріледі.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу