Қарағандыда кәсіпкер көлікпен қаққан келіншек көз жұмды

Қарағандыда араққа тойып алып, көлік апатын жасаған кәсіпкердің кесірінен ауыр жарақат алған 29 жастағы келіншек бүгін көз жұмды. Дәрігерлер барын салса да өмірін сақтап қала алмады. Енді, бұған дейін жол апатына кінәлі деп тергеу абақтасында отырған кәсіпкерге қатысты айып түрі өзгертілмек. Айта кетсек, күдікті бизнесмен аймаққа танымал көрінеді. Алайда, аты-жөнін құқық қорғау органындағылар әзірге ашып айтпай отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу