КАРАНТИН ҚАЙТА ҰЗАРТЫЛУЫ МҮМКІН

Елдегі күшейтілген карантин қайта ұзартылуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шектеу шараларының әлі де сақталуын жоққа шығармады. Алайда нақты шешім тек екі апталық локдаун аяқталғасын қабылданады. Осы аралықта жауапты ведомства елдегі эпидемиологиялық жағдайға баға бермек. Қазір министрлік, науқастарды орналастырудан бөлек, дәрі-дәрмек тапшылығын жоюға баса назар аударуда. Бүгінде ел аумағындағы дәріханалардың басым бөлігі жеке қолға берілген. Сондықтан мұндағы бизнес өкілдерін қолдау үшін, препараттарды тіркеу-рәсімдеу процесін жеңілдетіп, оны елге жеткізу жолдары саралануда. Сондай-ақ, көрші мемлекеттерден бірқатар гуманитарлық көмек алынды. Күні кеше ғана, Ресейден бір бортпен қорғаныш құралдарымен бірге, білікті мамандар келген. Апта соңына дейін тағы бір тобы жеткізіледі деп күтілуде.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу