КАРАНТИН КЕЗІНДЕ КИНО ЖӘНЕ ТЕАТР САЛАСЫНЫҢ ШЫҒЫНЫ 40 МЛН ДОЛЛАРҒА ЖЕТТІ

Карантин кезінде кино және театр саласының шығыны 40 млн долларға жетті. Бұл туралы Қазақстан кинотеатрлар бірлестігінің өкілі Константин Горожанкин мәлімдеді. Оның айтуынша, ай сайын кино залдарының иелері 5 млрд теңге жоғалтып отыр. Ал осы салада жұмыс істейтін 5 мыңға жуық адам жұмыссыз қалған. Қаперде болса, кинотаетарлар 15 маусымнан бастап жұмыс істеу керек болатын. Алайда, елдегі эпидахуалдың ушығуына байланысты, белгісіз мерзімге кейінге шегерілді. Мамандардың сөзінше, кинотеатрлар ашылуға ұзақ дайындалған. Сатылған бір билеттің маңайындағы 4 орын бірден бұғатталатын жүйе ойлап тапқан. Саладағы тағы проблема - қазір жаңа фильмдер жоқ. Өйткені, киностудиялардың да жұмысы тоқтап, биылға жоспарланған фильмдер шықпай қалған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу