КАРАНТИН: ТӘРТІП БҰЗҒАНДАР ЕНДІ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТЕЛЕДІ

Сонымен, карантин режимі ақыры күшейтілді. Бүгін ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында шектеулерге қатысты осындай шешім шығарылды. Қауіпсіздік талаптарын сақтауды жұрт ескермеген соң, әрине, билік те мұндай қадамға еріксіз бардық деп отыр. Енді ережені бұзғандарға шетінен айыппұл арқалатпақ. Оның көлемі де қомақты – 83 мыңнан 630 мың теңгеге дейін барады. Шектеулер әзірге шілденің 5-нен басталып, 14 күнге созылады. Көлік қатынасы мен адамдардың жүріп-тұруы қалай қадағаланбақ? Билік нені шектеп, ненің жұмысына кедергі келтіргісі жоқ? Тақырыпты Жалғас Зейнолла сабақтайды.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу