КАРАНТИНДІ ПАЙДАЛАНЫП ОНЛАЙН-НЕСИЕ БЕРУШІЛЕР ЕЛДІ ҚАРЫЗҒА БАТЫРУДА

Карантинді пайдаланып, онлайн-несие берушілер көпшілікті қарызға белшесінен батыруда. Ешқандай анықтамасыз жылдам рәсімдейтін ұйымдар 100 пайыздан жоғары жылдық ставкамен кредит беруде. Бұған қоса, борышкер компанияға қызметі үшін несиеден үлесін беруі тиіс және ең алдымен шығындарын, сыйақыны одан кейін ғана өз қарызын өтейді. Соңында берешегін қайтарамын дегенше, пайызы өсе береді. Онсызда халықтың жай-күйі мәз емес шақта, мұндай әрекетке барып отырған ұйымдарды жауапқа тарту қажет дейді депутаттар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу