КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ШЕКТЕУДІҢ АЛЫНУЫН ТАЛАП ЕТІП ЖАТЫР

Қарағандыда карантинге жабылған Цетральный ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде бас көтеріп жатыр. Айтуыларынша, 18-қазаннан бері елді-мекенге кіріп-шығу мүлдем тоқтатылған. Кесірінен сыртқа қатынап жұмыс істейтін жүздеген адам еріксіз үйлерінде қамалып қалған. Центральныйлықтар бұған жергілікті биліктің шалағай әрекеті себеп болды дейді. Яғни, шектеу қойылар алдында әкімдік жұртқа ауылдан шығып үлгеруге мүмкіндік бермеген.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу