Қарашада электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Келер айда электр қуатының тарифы қымбаттайды. Болжам бойынша 8-9 пайызға артуы мүмкін. Оған энергия өндіруші компаниялардың бағаны көтереміз дегені себеп болған. Айтуларынша өндісітегі баға соңғы 5 жылда өзгермеген. Мұндай мәліметті біздің телеарнаның ресми сауалына жауап берген Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мамандары айтты. Жалпы осы айдың өзінде еліміздегі үш өңірде электр қуаты қымбаттап үлгерді. Атап айтқанда Шығыс Қазақстан облысында электр қуатының тарифі 3,2%-ға артқан. Батыста 1 килоВат электр қуаты 16 теңгеден 16,03 теңгеге дейін көтерілген. Ал Маңғыстау облысында тариф бірден 3,37%-ға қымбаттаған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу