Қаржы министрі: 11 айдағы игерілмеген бюджет қаржысы 50 млрд теңге жетті

Әкімдер баяу жұмыс істеуін доғаруы қажет. Бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин бюджет қаржысын уақытында игере алмай жатқан өңір басшыларына шетінен ескерту жасады. 11 айдың қорытындысы бойынша бюджет ақшаның 50 млрд теңгесі мақсатты жеріне жұмсалмағаны анықталған. Ал жылдың аяқталуына 2 апта ғана қалды. Демек, оның көлемі өспесе, азаймайтыны анық. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, игерілмеудің ең көп мөлшері Түркістан облысында – 12 млрд теңге. Нұр-Сұлтанда – 8 млрд, Шымкентте 7 млрд, Алматыда 6 млрд, ал Атырау мен Манғыстау облыстарында – 3 млрд теңгеден тұр. Бірақ Тұркістанның «қара тізім» басына шығуын күтпесе керек, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұған «қаржыны кеш бересіңдер» деп Қаржы мен Еңбек министрлерінің өздерін айыптады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу