Қаржы министрі: «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ІРО-ға дайын емес

«Қазақстан темір жолы» акциясын ІРО-ға шығаруға дайын емес. Бүгін Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның ұлттық компнаиялар жөнінде қойылған сұрағына Қаржы министрі осылай деп жауап берді. Әлихан Смайыловтың айтуынша, жолаушылар тасымалымен айналушы компания біраз қарызға батыпты. Қазір Үкімет оны реттеумен айналысып жатыр. Сондықтан бәскелес ортаға беру шарасы кейінге, нақтыласақ 2023 жылға шегерілген. Тіпті жыл басында Қаржы министрлігі компанияның шығынын жабу үшін 1,1 млрд еуроға облигация шығарғаны есте. 2018 жылы «Қазақстан темір жолының» қарызы 1,7 трлн теңгеге жеткені айтылды. Бірақ содан бері борышы өспесе, азаймаған сынды. Жиыннан кейін тілшілер алдына шыққан министр де мұны нақты айта алмаймын деді. «Самұрық қазынаға» тиесілі өзге «Қазақтелеком» және «Эйр Астана» бастаған бірнеше компанияның акциясы ІРО-ға шығару мерзімі өзгертілмепті. Олар 2020 жылы сатылымға қойылуы қажет.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу