ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА МЕН ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНҒАНДАР 2 МЛРД ТЕҢГЕ ШЫҒЫН КӨРДІ

Полиция қызметкерлері таңнан қаракешке дейін интернетте отырады. Себебі, соңғы уақытта ғаламторда алаяқтардың саны күрт артып кеткен. Тіпті, іздерін де жасырып үлгереді. Соңғы төрт айда Нұр-Сұлтан қаласының мыңнан астам азаматы алаяқтардың арбауына түсіп, 2 млрд 864 млн теңге шығын көрген. Алайда, осы интернеттегі айлакерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мүмкін болмай келеді. Олар әлемнің кез-келген жерінен виртуалды тіркелгендіктен заңды мекенжайларын анықтау қиынға соғуда. Бүгінде белгілісі азаматтарды алдап ақша алып отырғандардың басым көпшілігі Уфа қаласында тіркелген. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері пәтерді алып-сатумен айналысатындардан сақ болуға шақырады. Себебі, алдап соғушылардың ең көп таралған әдісі осы екен.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу