Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің мүшелерін сайлау басталды

Алматыда кәсіпкерлер құқын қорғайтын кеңес мүшелерін сайлау басталды. Кеңеске кімнің өтетінін бизнес өкілдерінің өздері шешеді. Яғни, дауыс беру арқылы таңдайды. Үміткерлерді тіркеу 1 қарашадан бастап 20 қарашаға дейін жүргізілді. Жалпы алғанда 135 адам өтініш беріпті. Оның 30-ына кеңестен орын беріледі. Дауыс беру кәсіпкер палатасының кеңсесінде, қызмет көрсету орталығында 30-шы қарашаға дейін өтеді. Сондай-ақ, atameken.kz сайтында онлайн дауыс беруге болады. Сайлау қорытындысы келесі айда шығады. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы баспасөзде жарияланады.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу