КӘСІПКЕРЛЕР МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ 10 ЖЕҢІЛ КӨЛІКТІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Қарағанды облысы емханаларындағы мобильді топтардың жұмысы жақсара түспек. Олардың қызметтерін жеделдету мақсатында кәсіпкерлер 10 жеңіл көліктің кілтін табыстады. Ақ халаттылар жасағына арналған жаңа автомобильдер шұғыл алғашқы көмек көрсетуде өте ыңғайлы. Айталық, темір тұлпарлар арқылы пациенттердің ауруханаға дейінгі кезеңдегі жағдайын бақылауға болады. Көлік Испанияда өндірілген Hersill медициналық көмек қорабымен де жабдықталған. Оның ішінде оттегі балондары мен интубациялық түтікше секілді аса қажет құралдар бар.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу