КӘСІПКЕРЛЕР: ПОЛИЦИЯ БЕТПЕРДЕ МЕН САНИТАРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЗАҢСЫЗ ТАРТЫП АЛУДА

Полиция бетперде мен залалсыздандыру құралдарын заңсыз тартып алуда. Бұл - арнамызға хабарласқан елордалық кәсіпкерлердің шағымы. Олардың айтуынша, тәртіп сақшылары тұтынушы ретінде хабарласып, кейін бетпе-бет жүздескенде прокуратура қызметкерлеріміз деген көрінеді. Артынша ешбір куәгерсіз заттарды тартып алып және ешқандай түсіндірусіз полиция бөліміне апарған. Бірнеше кәсіпкерге үлкен көлемдегі айыппұл салып та үлгерген. Тәркіленген тауарлар сомасын бизнесмендер жүз мыңнан миллион теңгеге дейін бағалауда. Амалы таусылғандар кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкілге арызданған.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу