Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасын құруды ұсынды

Қазақстанда жаппай кәсіпкерлікке оқытатын білім бағдарламасын құру керек. Бұл туралы Ақордада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Кездесу барысында Президентке Ұлттық палатаның қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары, сондай-ақ кәсіпкерлерді қолдау жөнінде қабылданып жатқан нақты шаралар туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі микро және шағын бизнесті дамытып, кәсіпкерліктің осы категориясы үшін салықтан босату жүйесін тиімді пайдалану маңызды екеніне баса назар аударды. Президент шағын бизнестің ауқымын арттыру мақсатында жаңа бастаған кәсіпкерлерді жаппай оқытуды ұйымдастыру қажет деп есептейтінін айтты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу