«ҚазАгро» қарыздарын жабуға бюджеттен 33 млрд теңге бөлінеді

«Қазагро» қарыздарын жабуға бюджеттен 33 млрд теңге бөлінеді. Премьер-министр Асқар Мамин осыған қатысты өкімін шығарды. Құжатқа сәйкес қаражат үкіметтік резервтен беріледі. Естеріңізде болса, осыдан бір ай бұрын компания төрағасы Ербол Қарашөкеев шығындарын жабу үшін еншілес компаниялар санын 7-ден 3-ке дейін азайтып, қызметкерлерін 1100 адамға қысқарту басталғанын айтқан. Соның нәтижесінде 3 жылда 3,2 млрд теңге үнемделмек. Қарыздың барлығын холдинг 2033 жылы толық төлеп бітуге тізбе құрған. Қазір ішкі қарыз 744 млрд теңгеге жеткен. Оның 624 млрд-ды Зейнетақы қорына, 120 млрд теңгесі Мемлекеттік сақтандыру қорына қайтарылатын борыш.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу