«ҚазАгро»-ның ішкі қарызы 744 млрд теңгеге жетті

Рустем Құрмановтың айтуынша, қазір ҚазАгроның Зейнетақы қоры алдындағы қарызы 624 млрд теңгеге жеткен. Қосыша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да алған 120 млрд теңгесі бар. Олардың барлығы да ұзақмерзімді шартпен алынып, агросекторға салынған. Дегенмен, «ҚазАгро»-ның табыстан гөрі мемлекетке әкеліп жатқан шығын көп. Тіпті соңғы 4-5 жылда мүлдем табыс түсірмеген. Керісінше жылдық шығыны 120 млрд теңгеден кем болмай отыр. Сондықтан, оның құрылымын түбегейлі өзгертуге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма берген. Қазір онда қызметкерлерді 1100 адамға дейін қысқарту жүріп жатыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу