«ҚазАгро»: зейнетақы қоры алдындағы қарыз 2033 жылы толық төлені бітеді

«ҚазАгро»-ның Зейнетақы қоры алдындағы қарызын төлеу мерзімі әлі 13 жылға созылады. Холдинг төрағасы Ербол Қарашөкеев бүгін арнамызға эксклюзивті сұхбат беріп, жалпы 744 млрд теңгеге жеткен борыштан қалай құтылудың жолын құрып отырғанын айтты. Қазір ұлттық компания қайта трансформациялау бағдарламасын бекітіп жатыр. Оған сәйкес, шетелден білікті мамандар тартылып, 1100 қызмкетреді қысқартудан 3,2 млрд теңгеге шығыны үнемделмек екен. Айтпақшы, Қарашөкеев бүгін Нұрлан Нығматулиннен де оңбай сөз естіген болатын. Оған төраға ренжіді ме, жоқ па? Оны тілшіміз Құралай Пионер сұраған еді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу