ҚАЗАҚ АНИМАЦИЯСЫ НЕГЕ ӨСУДІҢ ОРНЫНА ӨШІП БАРАДЫ?

Қазақ мультфильмі өсудің орнына өшіп барады. Отандық белгілі аниматор Ғали Мырзашев осылай деп арнамызға эксклюзивті сұхбат берді. Әрі, оны өшіріп жатқан мемлекеттің өзі дейді. Яғни, тапсырыстың дені байырдан тек «Қазақфильм» арқылы ғана жүреді. Ақшамен қоса басқару да беріліп қойған. Кесірінен алып киностудия аниматорларды жетім баланың күйінде қалдырумен-ақ келеді. Бүгінгі бүлдіршіндер «Маша мен аюға» ғана телміргеніне депутаттар да қапалы. Анимацияның бүгінгі жай-күйі тілшіміз Құралай Пионердің материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу