ҚАЗАҚСТАН ИРАНҒА ӘУЕ ҚАТЫНАСЫН ТОҚТАТЫП, СЕУЛГЕ ҰШАТЫН РЕЙС САНЫН ҚЫСҚАРТПАҚ

Алдағы жексенбіден бастап Қазақстаннан Иранға әуе қатынасын тоқтатып, Оңтүстік Кореяға ұшатын рейс санын азайтады. Бұл жайында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Айтуынша, 3-4 күннің ішінде осы елдерде жүрген қазақстандықтар елге қайтуы тиіс. Нақтыласақ, Оңтүстік Кореяда нәпақасын тауып жүрген 34 мың Қазақстан азаматы болса, Иранда 170 отандасымыз жүр. Алдына ала аталмыш елдерге билет алып, демалысын жоспарлап қойғандар қайтпек? Әріптесім Қарлығаш Темірбайқызының материалында.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу