ҚАЗАҚСТАН ҚАУІПСІЗ ЕЛДЕР РЕЙТИНГІНДЕ ТМД БОЙЫНША 1-ШІ ОРЫНДА ТҰР

Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде ТМД бойынша 1-орында тұр. Ал, әлемдік рейтингте 64-орынға тұрақтады. Бұл елдегі қылмыс пен зорлық-зомбылық деңгейі, халықаралық қатынас жағдайы, елдің шығындары мен табысына қарап негізделген. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, 2019 жылы әлемдік экономика 2,4%-ға дейін төмендеді, оның басты себептері елдер арасындағы сауда қақтығыстары, сондай-ақ әлемдегі геосаяси жағдай. Мемлекеттегі бейбіт жағдай және басқа елдермен қарым-қатынастар экономиканың және тұтастай елдің дамуында маңызды рөл атқарады. Осылайша, әлемдік бейбітшілік индексіне сәйкес, ең қауіпсіз жағдайда өмір сүретін елдер – Исландия, Жаңа Зеландия, Португалия, Австрия және Дания. Сонымен қатар алғашқы ондыққа Канада, Сингапур, Словения, Жапония және Чехия кіреді. Жалпы рейтингте 163 ел бар. Ал Ауғанстан, Сирия, Оңтүстік Судан, Йемен және Ирак өмір сүру үшін ең қауіпті елдер болып табылады. Айта кетейін, Ресей де қауіпті он елдің қатарына.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу