Қазақстан кибершабуылдарға қаншалықты дайын ?

ҚАЗАҚСТАН КИБЕРШАБУЫЛДАРҒА ҚАНШАЛЫҚТЫ ДАЙЫН ? Осы тақырыпты одан әрі талқылау үшін скайп арқылы АйТи саласының маманы қосылды. Таныс болыңыздар Тимур БЕКТҰР.

АЛПАУЫТ ЕЛДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛҒАН? Осы орайда айта кетейін, кибершабуылдар ауа-райы мен табиғи апаттарынан кейінгі басты жаһандық қатерлердің үштігіне енген. Бұл 2018 жылы өткен халықаралық экономикалық форумда мәлім болды. Біздің елде 30 мың киберқауіпсіздік маманы жетіспейтінін ескерсек, жаһандық қатер елімізді айналып өтпесі анық. Жеке мәліметтерді де бұрынғыдай, антивирус орнатып немесе файрволлды баптап қорғау да мүмкін емес. Ол уақыт келмеске кеткендей. Мұны АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері әлемге танымал Едвард Сноуден де ескерткен. Ол тіпті билік пен мемлекеттік қызметкерлерге ватсап пен телеграмды қолдануға болмайды деп айтқан. Неге екенін әлем жаңалықтарының шолушысы Қайырбектен білейік.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу